Kazakh | February 11, 2013

Integrating Social Science Terminology into Language Study: Kazakh Module 2

By

Discipline: Demography/Family Studies

Prepared by: Zaure Batayeva

READING TASK 1
Source: http://www.azattyq.org/

After completing the pre-reading exercises, read the excerpt from a roundtable discussion entitled “Despite the Population Growth in Kazakhstan, the Demographic Situation is Worsening”. In the excerpt, Gaukhar Nurakhmetova, the chief analyst of Kazakhstan’s National Committee on Demographic Policy in Women’s Affairs and Families, gives her views on the issue.

Pre-reading exercise 1: vocabulary focus

Words

  • демографиялық  (adj: demographic)
  • жағдай (situation)
  • ахуал (state)
  • көрсеткіш (indicator , rate, measure)
  • туу көрсеткіштері (birth rates)
  • өлім көрсеткіштері (death rate)
  • ажырасу көрсеткіші  (divorce rate)
  • бала туу деңгейі (birth rate)
  • ажырасу деңгейі (divorce rate)
  • некеге отыру (to register one’s marriage)
  • тіркелу (to be registered, sign up)
  • нашақорлық (drug addiction)

 

Idioms

  • батыстың сәнімен  (following the Western way/fashion)
  • ішімдіктермен әуестену (to be addicted to drink)
  • зардабын шегу (to suffer the consequences of)
  • ауруға ұшырау (to get sick; literally: to encounter a sickness )
  • қаза табу (to die; literally: to find death)
  • дүние салу (to die)
  • қалпында қалу (to remain in the same state or condition)

 

Examples

Қазір көп жастар батыстың сәнімен отбасын құрмайды. (Today youngsters follow Western fashion and do not establish a family.)

Ер адамдардың көбі ішімдікпен әуестеніп, бала өсіру үрдісіне қатыспайды. (Many men addicted to alcohol do not take part in the child-rearing process.)

Семей полигонының зардабын шегушілер туралы ақпарат аз. (There is not much information about people suffering the consequences of the Semei testing site.)

Жүрек ауруынан қаза табатындар саны артуда. (The number of people dying of heart disease is increasing.)

Оңтүстік Қазақстанда 2010 жылы 15 мыңнан астам  адам дүние салған.(More than 15,000 people died in southern Kazakhstan in 2010.)

 

Pre-reading exercise 2: grammar focus

 

Read the following sentences and notice how the “despite” or “in spite of” constructions are built. Notice that each time the stem of the verb is followed by one of the distant past endings  ‑ған/ген or ‑қан/кен, then  a possessive ending and finally the instrumental ending мен.

  • Қазақстанда дәстүрлі мәдениет басым болғанымен, ажырасу деңгейі жоғары болып отыр. (Despite the dominance of traditional culture in Kazakhstan, the divorce rate is very high.)
  • Елдегі әлеуметтік жағдай жақсарғанымен, әр жанұяда баланың туу деңгейі төмен. (Despite the improvement of social welfare in Kazakhstan, the birth rate in each family is low.)
  • Оралмандардың саны өскенімен, елде қазақтар саны әлі де аз.  (In spite of the fact that the number of Oralman [returnees from the diapsora] is growing, the number of native Kazakhs is not very much.)

Reading text: Гаухар Нұрахметова

 Демографиялық проблемалармен айналысу, оны шешу – мемлекетіміздің ең басты міндеті. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда демографиялық ахуал 2001 жылға дейін жақсы көрсеткіштермен шыққан. 2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен, әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кетті деп айтуға болады. Мысалы, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл, әрине, үлкен мәселе. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, бұның басты себептері – отбасының ажырасуы, еркектер арасындағы өлім көрсеткішінің жоғары болып отырғандығы. Бірақ, республика бойынша кейбір облыстарда бала туу деңгейі өте жақсы деп айта аламын. Мысалы, Шымкент секілді оңтүстік облыстарда 2008 жылы бала туу 21 пайызға көбейді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше 2,5 пайызға ғана көбейді. Бұл бала тууы бойынша республикамыздағы ең төменгі деңгей.  2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кетті деп айтуға болады.Мұның әртүрлі себептері бар. Мысалы, халқымыздың арасында көптеген аурулардан қайтыс болу, содан кейін қазіргі жас отбасылар арасында батыстың сәнімен некеге отырмай, тіркеусіз тұра беретіндер де көбейіп барады. Зерттеулер спирттік ішімдіктермен әуестену, нашақорлық деген факторлардың да бұған әсері үлкен екендігін анықтап отыр. Ауруға байланысты айтар болсақ, бұл жерде жүрек дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар, Семей полигонының зардабын шеккендердің әртүрлі деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап, дүние салуы жоғарғы қалпында қалып отыр.

Post-reading exercise: Мәтін туралы сұрақтар

  1. Гаухар Нұрахметова 2001-жылға дейінгі және кейінгі демографиялық ахуалды қалай бағалайды?
  2. Оның пікірінше, бала туу көрсеткішінің төмендеуінің басты себептері не?
  3. Бала туу көрсеткішінің төмендеуінің қосалқы себептері не?
  4. Үйленуге қатысты қандай мәселе бар?
  5. Қай аймақтарда бал туу көрсеткіші жоғары? Қай аймақта төмен?
  6. Мәтінде халық санына әсер ететін қандай аурулар аталды?

READING TASK 2
Source:
http://www.ofstrategy.kz/?nc53&version=kz

Read the excerpt from an interview with Gulmira Ileuova, head of the Center for social and political research strategy, in which she gives her views on Kazakh demography.

Соңғы санақ нәтижесі бойынша еліміздегі қазақтардың саны 10,1 млн. адам. Бұл жалпы халықтың 63 пайызы. Соңғы 10 жыл ішінде жалпы халық саны 1 миллион адамға өссе, қазақтар 2 млн. адамға көбейген. Ал саны жағынан екінші орындағы этнос – орыстарды саны керісінше айтарлықтай азайған. Бұл олардың эммиграциялауы мен табиғи өсімінің төмендеуіне байланысты. Осы орайда қазақ санының өсуі тікелей бала туу көрсеткіштерінің артуымен байланысты ма? – деген сұрақ туындайды. Меніңше, байланысты емес. 

Соңғы жылдары қазақтарды басқа елдерден репатриациалау белсенді түрде жүргізілгені белгілі. Түрлі мәліметтерге сәйкес осы үрдіс бойынша елімізге 500-700 мың шамасында адам қоныс аударған. Қазіргі күні халық санының өсуінің түп негізін осы репатриант бауырларымыз құрады. Ал осында бұрыннан тұратын қазақтардың арасында бала туу әлі де төмен. Әзірше халықтың көбеюі сырттан көшіп келетін репатрианттармен байланысты. Келешекте бұл үрдіс әлі де жалғаса бермек, себебі сыртта әлі де бірнеше миллион қазақ тұрады. 

Біздің елде халық санын көбейтуге байланысты бірқатар іс-әрекеттержүзеге асырылуда. Оның ішіндегі негізгісі, жоғарыда атап өткенімдей – қазақтарды басқа елдерден репатриациалау. Екіншіден, баланың туылуына және оған күтім жасауға байланысты 1 жыл ішінде мемлекеттің ақшалай көмек көрсетуі. Бұл көмек көлемінің жылдан жылға көбеюіне қарамастан, балалы отбасы үшін әлі де аздық етеді. Үшіншіден, мемлекеттік көмек ретінде соңғы жылдары қолға алынған түрлі әлеуметтік бағдарламаларды атап өтуге болады. Бұлар – «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы, бала бақшалар санын көбейту, бала мен ана өлімін төмендету бағдарламалары.

Бірақ көп адамдар үшін бала санын көбейтуге кедергі болып жүрген мәселе – баспананың жеткіліксіздігі. Біздің зерттеулеріміздің нәтижесіне сәйкес халықтың 55 пайызы өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартуды қалайды және жеке баспананы қажет етеді. Ал бұл отбасын жоспарлаудағы ең маңызды факторлардың бірі. Тұрғын үй мәселесінің шешілмеуі демографиялық жағдайға тікелей әсер етеді, себебі бірінші кезекте баспана репродуктивті жастағы жас отбасылар үшін қажет. Осылайша үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шаралар бала санын арттыру үшін әлі де жеткіліксіз.

Post-reading task 1

Match the words and phrases that have been put in bold in the text with the definitions (1-10) below.

  1. арту
  2. біраз төмендеу (2 сөз)
  3. есептеудің қорытындысы (2 сөз)
  4. қарқынды (2 сөз)
  5. көшу (2 сөз)
  6. жұмыстар жасау (3 сөз)
  7. қаржы беру (3 сөз)
  8. тұрғын үйдің аз болуы
  9. процесс
  10. болашақты ойлау (2 сөз)

Post-reading task 2

Are the statements below true or false?

дұрыс қате
Қазақ санының өсуі бала туу көрсеткіштерінің артуымен байланысты.
Репатрианттарды ата-мекенге шақыру үрдісі аяқталды.
Ана мен балаға арналған мемлкеттік бағдарламалар көп.
Балаға берілетін қаржылай көмек аз.
Демографияның өсуіне ең үлкен кедергі – орыстардың көшуі.
Тұрғын үй мәселесі жастар үшін ең үлкен мәселе.

 

Post-reading task 3

Summarize the text by answering the following questions.

  1. Санақ бойынша қазақтар екі млн-ға өскен. Оның себебі не?
  2. Орыстарың саны қандай себептермен азайған?
  3. Қазақстанда бала мен анаға арналған қандай бағдарламалар бар?
  4. Жастар отбасын жоспарлау үшін қандай мәселені шешу керек?

 

LISTENING TASK 1     

Source: http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_round_table_demography_population/1941141.html

After completing the pre- listening exercises, listen to another excerpt from the roundtable discussion titled “Despite the population growth in Kazakhstan, the demographic situation is worsening”.  In this excerpt, Azimbay Galym, a demographer, compares the population growth of Kazakhs with that of other ethnic groups in Kazakhstan.

 

Pre-listening exercise 1: vocabulary focus

Words

  • туу үрдістері (birth process)
  • заңдылықтар (natural laws)
  • санақ деректері (census data)
  • жұртшылық (population)
  • ынталандыру (to stimulate)
  • жазылу (to register oneself)
  • оралман (repatriate)
  • есебінен (at the expense of)
  • тұрмыс (life, wellbeing)
  • әлеуметтік шара (social measure)
  • төлқұжат (passport)
  • тартыс (struggle)

Idioms

соның арқасында  (thanks to)
оралмандардың есебінен  (at the expense of the Oralman)

Examples

Халық саны көшіп келген оралмандардың арқасында өсті. (The population increased thanks to the Oralman. )

‘Нұрлы көш’ бағдарламасының арқасында талай қазақтар ата-мекенге оралды. (Thanks to the program ‘Bright [or: Blessed] migration’,  many Kazakhs  returned to their motherland)

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру. (Education at the expense of state budget finances.)

Pre-listening exercise 2: grammar focus

Reasoning in Kazakh is expressed with the word сондықтан (that is why, therefore). However, to be more efficient, it is also possible to add the ‘reasoning’ suffixes дықтан or діктен to past participles. Read the following examples and follow the structure of the reasoning.

  • Оралмандар орысша білмегендіктен, оларға жұмыс табу қиын. (Because the Oralman don’t know Russian, it is difficult for them to find jobs.)
  • Ұлттық санақ дұрыс ұйымдастырылмағандықтан, санақ нәтижесі күдік тудырды. (Because the national census was poorly organized, the results were dubious)
  • Тууы төмен болғандықтан, ол белгілі бір кезеңде бұл ұлттардың азаюына әкеледі (Because their birth rate is low, it will bring about a decrease in the population of those nations).

Kazakh often uses serialized verbs to convey certain nuances. For example, the verbs өсу (to grow), даму (to develop), көбею (to increase), азаю (to decrease) and күшею (to strengthen)  need descriptive verbs to convey their scope. Look at the following excerpts from the reading text and analyze the function of each of the auxiliary verbs.

  • Бірақ қазақ және орыс жұртшылығының туу коэффициенттері төмендеп келе жатыр. (But the birth coefficient of the Russian and Kazakh population is decreasing.)
  • Бүгінгі таңда гео-демографиялық тартыс күшейе береді. (Now the geo-demographic struggle will keep getting stronger.)
  • Ынталандыру әлеуметті шара болып қалады. (Financial encouragement will remain as a social measure.)

Audio material
Transcript of the text

(The transcript of the text is a summary, and differs slightly from the audio itself.)
Біріншіден, жалпы туу үрдістерінің әлеуметтік, демографиялық, тарихи заңдылықтары бар. Соңғы санақ деректерін қарасақ, Қазақстан жұртшылығының саны 37 пайызға өскен екен. Егер де санақтың деректері рас болса, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Қазақстан жұртшылығының санының өсуі – оралмандар есебінен болды. Тек қана соңғы он жылдың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан aстам оралман келді. Сол санның арқасында Қазақстан жұртшылығы 16 миллион 400 мыңнан асты. Егер санақ деректері дұрыс болып шықса. 

Ал қазақтың саны 11 миллионнан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бірақ қазақ жұртшылығының, орыс жұртшылығының туу коэффициенттері төмендеп келе жатыр.

Бірқатар этностар, ол: орыс, украин, белорус, татарлардың депопуляциясы байқалады. Қазір немістердің де депопуляциясы басталады. Яғни, осы ұлттардың туғандарынан өлгендері көбірек. Бұл ұлттардың тұрмысы, денсаулығы артықтау болуы мүмкін қазақтан, бірақ тууы төмен болғандықтан, ол белгілі бір кезеңде бұл ұлттардың азаюына әкеледі.

Ал қазақтың саны өте жақсы өсті. Біз 1989-жылғы көрсеткішке жеттік. Бірақ территориямыз бес Франция, ал халқымыз 16 миллион 400 мыңның үстінде.

Дегенмен, бүгінгі таңда қанша ынталандырсаң да, мемлекет баланың санын көбейте алмайды. Ол тек қана әлеуметтік шара болып қалады. Қазақстан тұрғындарының сандық өсуінің бір-ақ негізгі жолы бар. Ол бала тууды мейлінше 2,5 баладан төмендетпеу, мейлінше, ынталандырып. Екіншіден, оралмандар, үшіншіден, басқа ұлттардың келуі және олардың қазақ болып жазылуын ынталандыру.  Соның ішінде мысалы қырғыздың, өзбектің бір бөлігін, қарақалпақтың т.б қазаққа өте жақын ұлттарды Қазақстанға шақырып, оларға қазақтың паспортын беру. Сондықтан бүгінгі таңда гео-демографиялық тартыс күшейе береді.

Post-listening exercise: Мәтін бойынша сұрақтар

  1. Әзімбай Ғали санақ нәтижелері туралы не айтты?
  2. Оның пікірінше, халық санының өсуі ненің есебінен болды?
  3. Оралмандар деген кім?
  4. Әзімбай Ғали халық санын артnырудың қандай жолдарын ұсынады?
  5. Әзімбай Ғалидің пікірінше, гео-демографиялық тартыс қандай ұлттар арасында болады?

LISTENING TASK   2   

After completing the pre-listening activities, listen to a report from Caspionet about the demographic changes in Kazakhstan.

Pre-listening activity 1: a cultural note

Below are two sayings that frequently occur in Kazakh discussions about demography.

  • Saying 1: ‘Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген’.

Explanation: Kazakhs often cite the first lines of the poem Mен қазақпын (I’m Kazakh) by the Soviet-Kazakh poet Zhuban Moldagaliyev. The first line of the poem,  “Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген’ (I am a Kazakh, I have died 1000 times and recovered 1000 times), has become a slogan that invokes the troubled past of Kazakhs, including such historical events as the Russian Tsar’s ethnic policy, the ‘Red terror’, the famine of the 1920s, the repression under Stalin, and World War II. When speaking about the demography of Kazakhstan, many Kazakhs use this line.

  • Saying 2: ‘Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама’.

Explanation: The Jungar attacks of the 18th century have been depicted in folk stories and have remained in the cultural memory of Kazakhs as one of the most difficult moments in history when the Kazakh tribes were at peril. The endless attacks of the Jungars destroyed the Kazakh tribes’ economy, which was dependent on farming and herding. Tired of war, Kazakhs fled to regions unknown to them. This time of hardship is said to be a time of ‘Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама’, which literally means ‘white soles migrating and stretching themselves on Alqakol’. Kazakhs use this saying to invoke the huge migration and settling at the shores of the Alqa lake. 

Pre-listening activity 2: vocabulary focus

Words

тарих кезеңдері  (periods of history)нәубет заман (adversity)ашаршылық (famine)екінші дүниежүзілік соғыс (World War II)апат (disaster)өсім (growth)кеміп кету (to decrease) әл-ауқат (prosperity)табиғи өсім (natural growth)жүзеге асыру (to carry out)түрткі болу (to be a reason)қамқорлық (care)жөргекпұл (child benefit)

 

Idioms

  • бастан кешу  (to endure, to experience)
  • зауалдардың салдарынан  (as a result of hardship, disaster)
  • көңіл қуанту (to give hope)
  • қарқын алу (to progress, to intensify)
  • түрткі болу (to cause)

Examples

  • Табиғи апатты бастан кешкен аудандарға көмек көрсетілуде. (The districts that  endured natural disaster are being helped.)
  • Экономика туралы жаңа көрсеткіштер көңіл қуантарлық. (The new figures on the economy are optimistic.).
  • Тілді қарқынды оқыту бағдарламасы. (Intensive language courses.)
  • Жаңа экономикалар қарқын алып келеді. (The new economies are making progress.)
  • Бензин тапшылығы азық-түліктің қымбаттауына түрткі болды. (Petroleum deficit caused the increase in prices.)

Pre listening activity 3: grammar focus

The adverb since or since last time in Kazakh is embedded in a construction with a verb stem and one of the suffixes ғалы/гелі or қалы/келі. For example:

  • Біз келгелі екі сағат болды. (It has been two hours since we came.)
  • Tұрғындардың әл-ауқаты жақсарғалы, халықтың табиғи өсімі де қарқын алды. (Since the life of citizens has improved, the natural growth of the population has also increased.)

The adverb дейін (before) sometimes conveyed by an idiomatic phrase consisting of a negative verb and the auxiliary verb жату. Look at the following examples:

  • Жыл аяқталмай жатып, өткен жылдың экономикалық көрсеткіштерін анықтау қиын. (Before the year ends, it is difficult to determine economic growth rates.)
  • Көптеген оралмандар келмей жатып өз кәсіптерін жолға қойып үлгереді (Some Oralman barely come and start their own business.)
  • Жыл аяқталмай жатып туған балалардың санын біз алдын-ала білеміз, – деді Татимов. (Tatimov said that they know the number of newborns before the year ends.)

Audio material

http://caspionet.kz/kaz/regional_focus/archive/Demografijalik_damu_1327255188.html

Written Summary of the text:

Мың өліп мың тірілген қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде небір нәубетті заманды бастан кешті. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы ашаршылық, репрессия және екінші дүниежүзілік соғыс секілді апаттар ұлттың өсімін айтарлықтай тежеді, тіпті халық санын едәуір қысқартып жіберді. Осындай түрлі зауалдардың салдарынан Қазақстандағы қазақ ұлтының саны өз жерінде 28 пайызға дейін кеміп кеткен болатын. Қазақстанның қазіргі экономикалық көрсеткіштері көңіл қуантып, тұрғындардың әл-ауқаты жақсарғалы, халықтың табиғи өсімі де қарқын алды. Осы орайда белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімов былай дейді:

Мақаш Тәтімов:

Қазақ халқының өсуі жаман емес. Міне, жыл аяқталды, жыл аяқталмай жатып біз алдын-ала білеміз, туған балалардың саны  Қазақстан бойынша 365000 бала туды, 141 мың адам қайтыс болды. Сонда Қазақстанда, өздеріңіз санаңыз, 220 мың адамға өстік, сол өсімнің бәрін біздің қазақ халқы құрап отыр.  Сонда санаңыз, мысалы, Қазақстан, Қазақстан, төрт жылдың ішінде, жар … бір миллионға өсеміз. Ол жаман емес.

Post-listening activity 1

1. Мәтін байынша, ұлттық өсімді тежеген қандай апаттар?
2. Қазір халықтың табиғи өсімінің қарқын алуына нелер себеп болып отыр?
3. Мақаш Тәтімов қазақтар қанша пайызға өсті дейді?

READING TASK 3

Murtaza Bulatay, PhD, in an article titled “Thoughts and suggestions on our demographic situation”, shares his view on the demographic policy of the Kazakh government. In the article, the author compares the demographic policies of countries in the Western world and analyzes the demographic situation of ethnic Kazakhs in Kazakhstan.

Source:

http://izgilik.blogspot.com/2008/09/blog-post_4795.html

Демографиялық ахуалымыз жөніндегі ойлар мен ұсыныстар

1.Мұртаза Қазақстанды неге Жапония, Корея және Германиямен салыстырады?
2.Мұртаза халықтың өсуіне қандай факторлар кедергі деп санайды?

 

Кез келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауыл шаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі экономикалық көрсеткіштерімен қатар халқының жансаны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен денсаулығы да есепке алынады. Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған өндірістік мемлекеттерге қарағанымызда адам ресурстарының табиғат ресурстарынан маңыздырақ екені аңғарылады. Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны көңілді көншіткенімен, халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи өсуі және өлім мөлшері, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерінің қамсыздандырылу деңгейі сияқты көрсеткіштері әлде де жан түршіктірер жағдайда. Аталмыш проблемалардың негізінде әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, биологиялық себептердің болғаны белгілі.Алдымен еліміздегі демографиялық жағдайға шолу жасағанымыз жөн болар. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ЮНФПА қоры 1 тамыз 2001 жылы өткізген «Орта мерзімді ел бағдарламасы» бойынша Қазақстан 1990 жылдан бері қарай 1 миллион 470 мың адамынан айырылып, халықтың саны 2001 жылы 14 миллион 827 мың адамды құраған. 2001 жылы Қазақстан халқының табиғи өсуі небары 73 мың адам десек, осы өсу қарқыны бүгінгі деңгейде сақталса алдымыздағы 10 жылда бар-жоғы 700 мың адам жансанымызға қосылмақ. Халықтың санының азаюының көші-қон процесстеріне байланысты объективті себептерімен қоса туу мөлшерінің азайып, өлімнің көбеюі сияқты субъективті себептері де бар. Мәселен, 1991 жылы 1000 адамға 21,5 адам болған туу мөлшері 2001 жылы 15 адамға кеміген. Алайда, 1991 жылы 0,8 пайыз болған өлім мөлшері 2001 жылы 1 пайызға өскен. Туу мөлшері коэффицентінің азаюы қарттардың санының көбеюімен қатар аналар өлімінің күрт өсуімен де тікелей байланысты. Бұл Орталық Азия және Еуропа елдері бойынша ең жоғары көрсеткіш екенін атап кетуге мәжбүрмін. Елімізде 100 мың нәрестенің 61-і анасынан айырылып жатса, бұл көрсеткіш Өзбекстанда 20, Британияда 17 ғана. Еуропа Одағы бойынша орташа көрсеткіш – 15 ана. ҚР Денсаулықты сақтау министрлігінің мәліметі бойынша еліміздегі әйелдер денсаулығы индексі 20-ақ пайызды құрайды, кейбір аймақтарда бұл көрсеткіш 10 пайызға шейін төмендеуде. Әйелдердің 60 пайызы бала босану кезінде әртүрлі қиыншылықтарға душар болуда. Әдеттегі салмақпен туған балалардың мөлшері 35 пайыз, кей жерлерде 25 пайыз. Денсаулығы жақсы деуге жарайтын балалы әйелдердің мөлшері Республика бойынша небары 11,4 пайыз. Әр үшінші нәресте денсаулық ақаулықтарымен дүниеге келуде.
Халықтың табиғи өсуіне кері әсерін тигізіп отырған келесі фактор ауылдық аймақтардағы кедейлік проблемасы. Мұның салдарынан ең ауыр азапты зейнеткерлер мен мүгедектер, аналар мен балалар шегуде. Облыстардағы кедейлік көрсеткіштері де әр түрлі. Кедейлік кең таралған облыстарымыз – Оңтүстік Қазақстан облысы – (55,5 пайыз), Павлодар облысы – (48 пайыз), Жамбыл облысы – (46 пайыз), Алматы облысы – (44 пайыз). Бұл халқымыздың тең жартысы кедей өмір кешуде деген сөз. Қалалардың жағдайы ауылға қарағанда бір сәрі жақсы. Мәселен, Алматыдағы кедейлік көрсеткіші 13,7 пайыз болса, Астанада – 15,1 пайыз. Жұмыссыздар армиясының 57 пайызын әйелдер құрайтының да ескерген жөн. Мемлекет есебінен қаржыландыру деңгейінің жетіспеуінен денсаулықты сақтау, әлеуметтік көмек және білім беру жүйесі зардап шегуде.
есепке алуto take into considerationкөңіл көншітуto satisfy  

жан түршіктірер – horrifying

аталмыш – mentioned

ЮНФПА – UNPFA

aйрылу to lose

күрт өсу – sudden growth

 

душар болу – to face

ақаулықdefect

 

кері әсерін тигізуto impact negatively

азап шегу – be tormented by

 

 

 

өмір кешуto live

бір сәрі жақсы – better

 

 

 

Further Reading

Diener, Alexander C. (2005), ‘Problematic Integration of Mongolian-Kazakh Return Migrants in Kazakhstan’, Eurasian Geography and Economics 46 (6): 465-478.

Diener, Alexander C. (2009), One Homeland or Two?: The Nationalization and Transnationalization of Mongolia’s Kazakhs, Stanford University Press.

Kueppers, Alfred (2004-04-22), ‘Ethnic Kazakhs Find Titular Homeland to be Economic Haven’, Eurasianet.org.

Laruelle, Marlène; Peyrouse, Sebastien (2009), ‘Cross-border Minorities as Cultural and Economic Mediators between China and Central Asia’, China and Eurasia Forum Quarterly 7 (1): 29-46.

Status of Oralmans in Kazakhstan, Almaty: International Organization for Migration/United Nations Development Programme, 2006.

Tan, Vivian (2003-09-03) ‘Special report on ethnic Kazakhs and the struggle to return – Continued’, Reuters Alertnet.

Tan, Vivian (2007-08-09), ‘After generations away, Kazakhs come home to an independent country’, Reuters Alertnet.