Kazakh | February 12, 2013

Integrating Social Science Terminology into Language Study: Kazakh Module 1

By

Discipline: Politics / The foreign relations of Kazakhstan
Module: 1 – Foreign relations of the Republic of Kazakhstan, including with the Peoples Republic of China
Prepared by: Oraz Sapashev

View Imagehttp://www.vidiani.com/ 

Даярлық : Preparation

This module on the politics and foreign policy of Kazakhstan is intended to help students improve their knowledge of the political system of Kazakhstan and its foreign policy in Central Asia. The materials are drawn from the latest news reports, newspapers, magazines, and Internet sites, accessed June‑July 2012. By using this material, students can learn the terminology for reading about and discussing the politics and foreign policy of Kazakhstan. Module 1 presents reading and listening materials to study the foreign relations of the Republic of Kazakhstan, including the “rating” of Kazakhstan’s foreign partners and relations with the Peoples Republic of China.

READING TASK 1
Source:
http://inform.kz/kaz/article/2479876

After completing the pre-reading exercises, read the excerpt from an article on the rating of partner countries of Kazakhstan. In the excerpt, the article surveys the number of official contacts between the Republic of Kazakhstan and its foreign partners.

Pre-reading exercise 1: vocabulary focus

Көшбасшы (verb: көшбастау) – leader
Әріптес – colleague
Деңгей – level
Сауда-саттық айналымы – commodity turnover
Сынды (сияқты ) – similarity

Pre-reading exercise 2: grammar focus

1. Мәтінен септік жалғауларын тауып, қайсы қай септік екенін айтыңыздар. (Find the case suffixes in the text and identify which cases they are.)
2. Кестедегі сөздерге септік жалғауын жалғап, керекті етістіктерді қойып сөйлем құраңыздар (Find the words taken from the text in the grid and attach the appropriate case suffixes and the verb with which it occurs, if any):

Қытай…. Іссапармен …
Сауда саттық айналымы…. Көлемі артып …
Әріптес елдер өкілдері…. Кездесу ….
Еліміз…. құйылған Инвестиция …
Н.Назарбаев Ресей Президенті….. 4 рет екіжақты кездесу….
Бұдан кейінгі орындар… Қырғызстан …
Сапар жиілігі бойынша бірінші орын… Ресей …
Әріптес мемлекеттер… Қытай мен Ресей бірінші орында…

Қазақстанның әріптес елдерінің рейтингі

Қазақстанның әріптес елдері рейтингінде Ресей мен Қытай көш бастап тұр. Бұл мәліметті “Рейтинг.KZ” зерттеу агенттігі таратып отыр.

Рейтинг ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың шілдесі аралығында әріптес елдердің ресми өкілдерімен жоғары деңгейдегі кездесу өткізу жиілігі, Қазақстан мен әріптес елдер арасындағы сауда-саттық айналымының көлемі мен елімізге құйылған инвестиция көлемі сынды негізгі үш критерий бойынша жасалған.

Мәселен, көшбасшылар сапары жиілігі бойынша бірінші орында Ресей (18 кездесу) тұр. Бір жылдың ішінде Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевпен және Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путинмен 4 рет екіжақты кездесу өткізген. Бұдан кейінгі орындарға Қырғызстан (15 кездесу) мен Беларусь (10 кездесу) елдері тұрақтады. Ал алыс шет елдер ішінен әріптес 3 мемлекеттің қатарында ОАӘ (7 кездесу), Қытай (6) және Германия (9) бар. Сонымен қатар бұл тізімге АҚШ (6 кездесу) Украина (6 кездесу) және Өзбекстан (5 кездесу) кіріп отыр.

Post-reading exercise: Мәтін туралы сұрақтар

1. Мәтінді оқып шығыңыздар
2. Мәтінде не туралы айтылған?
3. Н.Назарбаев әріптес елдердің өкілдерімен не мақсатта кездесті?
4. Қазақстанның әріптес елдерінің бірінші қатарында қандай мемлекеттер тұр?
5. Бейнематериалды тыңдаңыздар, не туралы айтылғанын қысқаша баяндап беріңіздер:
http://caspionet.kz/kaz/general/Kazakstan-Kitaj_diplomatijasina_20_zhil_toladi.html

LISTENING TASK 1
Watch the video here.

[TRANSCRIPT]

Қазақстан-Қытай дипломатиясына 20 жыл толады

Алдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 20 жыл толады.

Қытай Қазақстанның ежелден тату көрші, стратегиялық әріптесі екенін ескерсек, қос мемлекеттің 20 жылдағы өзара қарым-қатынасы қай салада болмасын жоғары қарқынға ие болып үлгерді. Екі ел мұнымен шектеліп қалмай, мәңгілік достық аясын одан әрмен кеңейте түсуге мүдделі. Кезінде түрлі қауіп-қатерлер мен сыртқы жауынан қорғануды көздеген Қытай осы Ұлы қорғанын тұрғызып еді. Уақыт өте келе Қытай қорғанның құдіреті керісінше, сыртқа тепкеннің орнына барша жұртты өзіне баурап алатын мәнге ие болды. Бұл ретте ұлы көршімізбен дипломатиялық байланыс орнатқанымызға тура 20 жыл толып үлгерді. Екі елдің осы уақыттағы алыс-берісімен барыс-келісі пәрменді. Былтыр өзара тауар айналымы 20,4 млрд АҚШ долларын құраса, биылғы 10 айдың өзінде-ақ ол 20,5 млрд долларға жетіп үлгерген. Қытай тарапы бұл көрсеткіштің жыл аяғына қарай жақсы нәтиже береріне үмітті.

Чжан ДИ, ҚХР САУДА МИНИСТРЛІГІ ЕУРОПА ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Біздің министрліктер жергілікті компанияларымыздан Қазақстанда инвестициялық қызметті жандандыру ісін барынша талап етеді. Ол іс жүзінде орындалып та жатыр. Мәселен, 2009 жылы Қазақстандағы Қытай инвестициясы 10,6 млрд доллар болса, қазір ол 13,7 млрд-қа жетіп үлгерді.

Қытай төрағасы Ху Зиньтаоның Қазақстанға жасаған биылғы сапарында екі ел басшылары қос мемлекеттің тауар айналымын 2015 жылға қарай 40 млрд долларға жеткізу міндетін қойған болатын. Межені бағындыру ісінде қытай сарашылары Шанхай ынтымақтастық ұйымының да пәрменін пайдалану маңызды деп есептейді.

Жігер СӘРСЕНОВ, ТІЛШІ:

– Қытайдың, тіпті Орталық Азияның ірі қаржы-экономикалық орталығының бірі – Шанхай. Бүгінде Азиядағы қуатты құрылымға айналып үлгерген Шанхай ынтымақтастық ұйымы осы қалада дүниеге келген болатын. Қазақстан ұйымға былтыр төрағалық етіп, оның 10 жылдық мерейтойлық саммиті Астанада өткені белгілі. Ал биыл ұйымға Қытай төрағалық етуде. Оның қорытындысы бойынша алдағы маусым айында «аспан асты» елінде ұйымға мүше мемлекет басшыларының саммитін өткізу жоспарда бар.

Биылғы саммиттің жаңалығы – ШЫҰ жанынан Даму банкін құру көзделіп отыр. Және арнайы есепшот ашылады. Екіншіден, ұйымға мүше мемлекеттердің энергетикалық тобы құрылмақшы. Оның ерекшелігі сол, әдеттегі мұнай-газ мәселесіне ғана мән беріп қоймай, баламалы энергия мен жасыл энергетика көздерін дамыту ерекше қолға алынбақшы. Қытайдың бұл салада тәжірибесі бар. Мысалы, Үрімшідегі «Goldwind», яғни «Алтын жел» компаниясы жел диірмендерін жасаумен айналысады. Бүгінде әлемнің оннан аса елімен тұрақты байланыс орнатқан кәсіпорын қазақстандық нарықтан да лайықты орнын тапқысы келеді.

Чжэн ЧУАНЬХУЭЙ, «GOLDWIND» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СИНЬ-ЦЗЯНЬ АЙМАҒЫНДАҒЫ ДИРЕКТОРЫ:

– Біздің компания қазір Қазақстанда жел энергетикасына қатысты 5 жобаны әзірлеу үстінде. Биылғы қыркүйекте оның біреуінің бағасы бойынша келісімге келдік. Бес жобаның түгелі дерлік 2012 жылы жүзеге асатынына сенімдіміз.

Қытайша тіл сындырып, білім алғысы келетін қазақстандық жастардың қатары да жыл санап жоғарылап келеді. Шыңжаң университетінің өзінде қазір 150-ден астам қазақ студенттері тәлім алуда. Болашақта қазақ-қытай қарым-қатынасын жаңа қырынан танытуға қызмет еткіміз келеді, дейді олар.

Post-listening exercise: Мәтін туралы сұрақтар

1. Бірінші мәтін мен бейнематериал мәтіннің арасындағы ортақ мазмұнды табыңыз
2. Қытайдағы қазақ диаспорасы туралы не айтылған?
3. Өлкеаралық қарым-қатынас туралы не айтар едіңіз?

READING TASK 2
Source:
http://inform.kz/kaz/article/2479151 

After completing the pre-reading exercises, read an excerpt from the same article as before, this time on the subject of the foreign trade of Kazakhstan. This article surveys the commercial relations between the Republic of Kazakhstan and the percentage of trade relations with individual foreign trading partners.

Pre-reading exercise 1: vocabulary focus

Қол жеткізу – reach
Көрсеткіш – rate
Бастапқы – first
Үштік – three

Pre-reading exercise 2: grammar focus
Numbers
Cardinal numbers (one, two, etc., in Kazakh бір, екі) form the basis of other forms of numbers. The ordinal (first, second, etc., in Kazakh бірінші, екінші) is formed by adding the suffix –ыншы/-інші. Collective numbers (a group of one, a group of six, etc., in Kazakh біреу, алтау) are formed by adding the suffix -ау, -еу. Fractions are formed by using the number in the ablative case дан/-ден/-тан/-тен for the denominator followed by the numerator in the nominative case алтыдан бір (‘1/6’) or for percentages using жүз ‘100’ as in жүзден алты (‘6/100’ or 6%). Approximations are made by using the expression шақты following the number as in жүз шақты (‘about 100’). Fractions are used frequently in mathematics, as in оннан екі бөлігі (‘2/10’).

1. Мәтіндегі бөлшектік сан есімдерді ауызша атаңыздар. Олардың айтылу ерекшелігіне назар аударыңыздар. (Read the fractions in the text aloud. Pay attention to how they are pronounced.)
2. Реттік сан есімдер қалай жасалады? (How are ordinal numbers formed?)


Exercise
Жазбаша берілген сан есімдерді цифрмен көрсетіңіздер. (Rewrite the numbers given below as words using numbers.)
Үлгі: 16,5 он алты бүтін оннан бес

Көрсеткіштегі бесінші орынды Қытай иеленді. Қазақстан экономикасының алтыдан бір бөлігін жеңіл өнеркәсіптен түскен қаржы құрайды. Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жыл біз үшін айтулы болды. Сегізінші қатардағы орынға отырыңыз. Жергілікті табиғаттың үштен бір бөлігін өзен-көлдер құрайды. Өскемен қаласының сексен екі бүтін оннан бір бөлігін орыс тілділер құрап отыр. Тоқсан тоғыз бүтін оннан бес пайыз бойынша нәтиже көрсетілді. Қазақстан алтын медаль бойынша бесінші орында келеді.

Қазақстанның сыртқы сауда-саттық айналымы 

Ал Қазақстанмен сауда-саттық айналымы көлемі бойынша үштікке Қытай (жалпы сауда айналымы көлемінің 16,8 пайызы), Ресей (16,3) және Италия (13,5) кіреді. Италия жоғары көрсеткішке мұнайгаз саласындағы, соның ішінде Қарашығанақ жобасы бойынша тығыз ынтымақтастықтың арқасында жетіп отыр. Сауда айналымындағы жоғары көрсеткішке Нидерланды (6,4 пайыз), Франция (5,7), Украина (4,2), Швейцария (3,9), Түркия (3,3), Австрия (3,2) және Канада (2,4) да қол жеткізген.

2011 жылы Қазақстан экономикасына барынша мол қаржыны Нидерланды, (15,5 пайыз), Ресей (15,3) және Ұлыбритания (9,8) елдері салды. Айта кетерлігі, осы тізімде Қытай 5-ші (7,3 пайыз), АҚШ- 6-шы (4,3), ал Украина (1,1) 11-ші орында тұр.

Жоғарыда аталған үш көрсеткіш негізінде 39 мемлекеттің арасында ортақ рейтинг жасалды. Баллдардың жиынтығы бойынша бастапқы үштікке Ресей, Қытай және Украина елдері кірді.

Post-reading exercise: Мәтін туралы сұрақтар

1. Мәтіннің мазмұнын баяндап беріңіз
2. Қазақстанның мұнай-газ саласында қандай мемлекет жоғары көрсеткішке ие?
3. Бейнематрериалдан не түсіндіңіз?
4. Назарбаевтың Қытайға баруының мақсаты не?
5. Жүргізілген келіссөздер бойынша ең маңызды мәселе қайсы деп ойлайсыз?

LISTENING TASK 2
Source:
http://www.kaztrk.kz/rus/news/politicy/Kazakstan__Kitaj__birkatar_manizdi_kuzhattarga_kol_kojildi.html

[TRANSCRIPT]

Қазақ елі Қытайдың аса ірі екі компаниясына 55 мың тонна қышқылдандырылған уран сату жөнінде келісім жасады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары кезінде мәлімдеді. Егер аталған келісім толық орындалса, онда Қазақстан Қытайдың ядролық стансаларын қажетті уран отынының қырық пайызымен қамтамасыз етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, сондай ақ, Қытай төрағасы Ху Цзияньтаомен және Қытай үкіметінің жауапты шенеуніктерімен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде бірқатар маңызды құжаттар бекіді. Сапардың ресми салтанатынан кейін Мемлекет басшысы Қытай елінің төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесіп, екі жақты саяси һәм экономикалық байланыстарды талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Мы предвидим особые отношения с Китайской Народной Республикой, которая занимает не только геостратегическое положение на Евразийском континенте, но и является важнейшим торговым партнером Казахстана. И мы рады, что наша торговля за последние 10 лет выросла в 13 раз. Мы являемся вторым после России партнером Китая по торговле на постсоветском пространстве.

Қазақ Қытай арасындағы алыс беріс пен барыс келістің жайы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай үкіметінің басшысы Вэнь Цзябаомен кездесу кезінде де талқыланды. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы он екі миллиард доллардан асса, соңғы жылдары қазақ елінен Қытайға тасымалданатын экспорт көлемі артқан. Біздің ел қытайларға негізінен металл мен минералдық ресурстар экспорттайды. Ал Қытайдан қазақ еліне тоқыма өнімдері, машина құралдары, химиялық және минералдық өнімдер тасымалданады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

При этом мы решаем новые уровни слежнейшие уровни сотрудничества. Это – вопросы ядерного развития. Казахстан заключил с двумя компаниями китайскими по поставке 55 тысяч тонн окисло урана, которые составляют около 40% потребностям ядерных станций КНР.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қытай парламентінің төрағасы У Бангомен де кездесті. Онда тараптар парламентаралық байланыстарды дамытып, заң шығарушы органдардың тәжірибе алмасу тетіктерін талқылады. Бұдан кейін қазақ Президенті Астана мен Алматы арасына аса жоғары жылдамдықпен қатынауға мүмкіндік беретін жаңа теміржол құрылысының жобасымен танысты. Жүрдек пойыздар қатынайтын шойынжолдың құрылысын Қазақстан мен Қытай жағы бірлесіп жүргізбек.

Асқар Мамин, «Қазақстан теміржолы» ҰК Президенті:

Астана мен Алматының арасына тартылатын жоғары жылдамдықтағы шойынжолдың ұзындығы – бір мың елу шақырым. Біздің алдын ала жүргізген зерттеулеріміз бойынша жаңа теміржолмен қатынайтын пойыздардың жылдамдығы сағатына үш жүз елу шақырым болмақ. Яғни, Астанадан Алматыға дейін төрт сағатта жетуге болады. Әрі дәл осы жол арқылы жылына бес миллион жолаушы тасуға мүмкіндік туады.

Айбек Қобдабай, тілші:

Теміржол тақырыбы Елбасы сапарының ертеңгі жұмыс күнінде де сөз болмақ. Нақтырақ айтсақ, ертең Нұрсұлтан Назарбаев Қытай астанасынан Тяньцзин қаласына дейін сағатына үш жүз елу шақырым жылдамдықпен жүретін пойызбен жолға шығып, екі қаланың ең басты қақпасы саналтын теміржол бекеттерінің жұмысымен танысады деп жоспарланған.

READING TASK 3
Source:
http://inform.kz/kaz/article/2479151

After completing the pre-reading exercises, read another excerpt on the visit of the ambassador of the Republic of Kazakhstan to China’s Xinjiang-Uighur Autonomous Region. The Xinjiang-Uighur Autonomous Region in the western part of the PRC is home to the Uighurs, a Turkic Muslim people related to the Kazakhs. There is also a significant Uighur minority in Kazakhstan.

Pre-reading exercise 1: vocabulary focus

Сауда-экономикалық ынтымақтастық – economic and trade cooperation
Шекаралық ынтымақтастық – cross-border cooperation
Шекарааралық өзендер – transnational rivers
Пайдалану – to use
Қорғау – to protect
Нығайту – to strengthen
Дамыту – development
Транзиттік-көліктік әлеуеті – transit-transport potential
Сарапшылар – experts
Өңіраралық ынтымақтастық – interregional community
Теміржол өткелі – railroad crossing

Pre-reading exercise 2: grammar focus

1. Мәтінен етістіктерді табыңыздар. (Identify the verbs in the text.)
2. Етістіктің өткен шақ тұлғаларын табыңыздар, және қандай жолмен жасалғанын айтыңыздар. (Identify the use of the past tense and how it is formed.)
3. Төмендегі етістіктерден осы шақ пен келер шақ формаларын жасаңыздар (Change the tense of the following verbs from past to present or present to past tense): жұмыс сапармен барды, басқа мәселелерді талқылады, технологияларды трансферттеуге қызығушылығын білдірді, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті
4. «үшін» сөзінің орнына пайдаланылған септік жалғауын табыңыздар. (Find the case used in place of the postposition «үшін» ‘for’).

Қазақстанның ҚХР-дағы Елшісі Н.Ермекбаев Шынжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында жұмыс сапармен болды

2012 жылғы 9-12 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Н.Ермекбаев ҚХР Шынжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына жұмыс сапармен барды.

Автономиялы ауданының басшылығымен кездесулер барысында Н.Ермекбаев екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде «Алтынкөл – Қорғас» теміржол өткелін пайдалануға беру, «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын толық іске қосу, трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау және басқа мәселелерді талқылады.

Қазақстан Елшісі Қазақстан елінің ШҰАА-ның жоғары технологиялық өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорындарымен ынтымақтастықты жандандыруға, соның ішінде келешекте технологияларды трансферттеуге қызығушылығын білдірді.

Кездесулерде Қазақстанның ҚХР ШҰАА-ның кәсіпорындарымен энергияның баламалы көздері, өнеркәсіп нысандарын салу және көліктік логистика саласындағы іскерлік ынтымақтастықты дамыту және өзге де келешегі зор мәселелер талқыланды.

Сол күні қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы ШҰАА-дағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Кездесуде отандастармен тарих және кинематография саласындағы байланыстарды нығайту мен даму мәселелері талқыланды.

Post-reading exercise: Мәтін туралы сұрақтар

1. Автономиялы ауданының басшылығымен кездесулер барысында Н.Ермекбаев қандай мәселені көтерді?
2. Технологиялық ынтымақтастық туралы қандай мәселелер айтылды?
3. Жаңа технологияларды трансферттеу дегенді қалай түсінесіз?
4. Қазақ диаспорасымен кездесуде не айтылды?